11:35, 23 Қаңтар 2022
Азаптау және лауазымын асыра пайдалану бойынша 16 іс тергелуде
ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжановтың мәлімдеуінше Қазақстанда азаптау және полицейлердің лауазымын асыра пайдалануына қатысты 16 іс тергеліп жатыр.
«Кісі өлімі, азаптау, тұтқындалғандарға қатысты лауазымын асыра пайдалану деректері бойынша істер тергелуде. Жалпы Қазақстан бойынша 16 қылмыстық іс тіркелген», — деп хабарлайды Жас Алаш газеті.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта прокуратураға тергеу барысында азаптау және азаматтың құқығын бұзуға қатысты полицейлердің үстінен 91 арыз келіп түскен.
"Әр қайсысын тексереміз. 19 арызда көрсетілген тәртіп бұзушылықтар анықталмады. 56 арызға қатысты тексеріс жұмыстары әлі жалғасып жатыр", — деп қосты Елдос Қилымжанов.
Елдос Қилымжанов 12 қаңтарда заңсыз қамауға алынған 24 қала тұрғынының босатылғанын мәлімдеді.