Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:04, 10 Тамыз 2020

Азаттағы ауыз су құрылысы келесі жылы аяқталады

Шымкентқаласындағы Азат шағынауданындағы ауыз су құрылысы келесі жылы аяқталады.

Бұлтуралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Қаратау ауданыныңәкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша,аудан аумағында 47 202 жеке тұрғын үй бар. Оның 37 511-і тәулік бойы сапалы ауыз суменқамтылып, 5 211-і кесте бойынша, ал 4 431 тұрғын үй тасымал ауыз суменқамтылуда.

– Көмешбұлақ су жинақтаушысынан  Тұран шағынауданы айналма жолына дейінгісуаққы құрылысы осы жылдың мамыр айында басталды. Ол 2021 жылы аяқталады. АлТұран айналма жолынан  Тұран шағынауданы Солтүстік-Шығысаймағына дейінгі ұзындығы 6,88 шақырымды құрайтын суаққықұрылысының жұмысы осы жылы бітеді. Жыл соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз етубойынша Тассай тұрғын алабы, Тұран шағынауданы және Достық тұрғын алабыныңжұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады, – деді А.Әліқұлов.

Айта кету керек, Азат шағынауданы ауыз сужүйелерінің құрылысына биыл бюджеттен 194,2 миллионтеңге қаржы қаралып, осы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары басталған. Кестебойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі – келер жылдың қараша айы.

Тегтер: