Әзербайжанда коронавирустан бір адам көз жұмды
Әзербайжанда бір адам коронавирустан көз жұмды. Бұл коронавирусқа байланысты елде тіркелген алғашқы өлім.
Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, 51 жастағы әйел жақында Иранда болған.
Әзербайжан билігінің хабарлауынша, коронавирустан бөлек науқастың бүйрегі ауырған, аутоиммундық ауруға шалдыққан. Дәрігерлер ауруы асқынғандықтан оны құтқара алмағанын айтты. Марқұмның туыстары мен соңғы уақытта оның жанында болғандар карантинге жіберілген.
Әзербайжанда 15 адамнан коронавирус табылған. Үшеуі айығып, ауруханадан шығарылған. Коронавирус күдігіне ілінген жүздеген адам (басым бөлігі Ираннан келген) карантинде жатыр.
12 наурыз күнгі дерек бойынша, әлемде вирусты жұқтырғандар саны 125 мыңнан асқан. 4600-ден астам адам вирустан көз жұмған.
Видео: Коронавирустан сақтаныңыз. Қолды қалай жуу керек?
<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Коронавирустан сақтаныңыз. Қолды қалай жуу керек?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b">
Embed Бөлісіңіз Коронавирустан сақтаныңыз. Қолды қалай жуу керек?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30481566.html» dir=«ltr» readonly />
No media source currently available
0:00 0:01:07 0:00 Жүктеп алу