Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:01, 02 Желтоқсан 2020

Әжетханадан нәрестенің мәйіті табылды

None
None

Қызылорда қаласы КБИ мөлтек ауданындағы жеке тұрғын үйдің бірінің әжетханасынан нәрестенің мәйіті табылды.

— Күдікті анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК 100 бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) сотқа дейінгі тергеп–тексеру амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайлары тексерілуде. Тиісті сот–медициналық сараптамалар тағайындалды, — деді Қызылорда ОПД Тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров мәлімдеді.

— Хабарлама 1-ші желтоқсан күні сағат 23:21 минутта департамент кезекшісінен түсті. Жедел-құтқару жасағынан 6 қызметкер мен 1 техника апардық. Барған кезде анықталғаны тұрғын үйдің ауласындағы әжетханада кішкене нәресте жатқандығы белгілі болды. Құтқарушылар нәрестені шығарып алып, тергеу тобының қызметкерлеріне табыстады. Нәресте өлі табылды. Босанған адам ауруханада, жағдайы орташа, — деді облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.

Тегтер: