Азия чемпионатынан алты медаль
Қазіргі кезде бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Соның бірі – дзюдо күресі.
Аталған спорт түрінен құрлық біріншілігін Біріккен Араб Әмірлігі қабылдаған болатын.
Фуджейрадағы додаға Азияның 39 елінен 300-ге жуық спортшыкелген. Олар 14 салмақ бойынша (жетеуі ерлер, жетеуі әйелдер арасында) медальжиынтығын сарапқа салды. Жарысқа Қазақстаннан 18 дзюдошы кеткен болатын. Алтауыжүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан үшін сәтті басталды. 66келіде белдескен екі балуанымыз финалға шықты. Былтыр Бакудегі әлемчемпионатында күміс жүлде алған Ерлан Серікжанов пен Азия ойындарының қолажүлдегері Елдос Жұмақанов ақтық сынға дейін қарсыластарын жапырып келді.
Алайда Елдос Жұмақанов жарақатына байланысты финалдық белдесуге шықпай,күміс жүлдені қанағат тұтып, алтын медаль Ерлан Серікжановқа бұйырды.
Әйелдер арасындағы 48 келі салмақ дәрежесінде де сенім артқан қызымызфиналға шығып қуантқан. Өкінішке қарай, Отгонцэцэг Галбадраx Қытай дзюдошысыЯнан Лиден ұтылып, екінші орынды иеленді. Ал осы салмақтағы Ақмарал Науатбекқола жүлде үшін Жапония аруы Айя Сакагамимен белдесіп, жеңіліске ұшырады.Сөйтіп 5-орынмен шектелді.
60 келіде ел намысын қорғаған Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені өзбек палуаныШарафуддин Лутфиллаевпен сарапқа салып, жеңіске жетті. Сөйтіп үшінші орынға иеболып, ел қоржынына жүлде салды. Әйелдер арасындағы 57 келіде бақ сынағанСевара Нишанбаева да қола жүлдеге қол жеткізді. Сөйтіп 2019 жылғы Азиячемпионатының бірінші күні Қазақ елі дзюдошылары 1 алтын, 2 күміс және 2 қоламедаль олжалады.
Азия чемпионатының екінші күнінде татамиге ерлерден 73, 81 келідегібалуандар, қыздардан 63 және 70 келідегі спортшылар шықты. Бірақ үміт артқанқыз-жігіттердің бірде-біреуі сенімді ақтаған жоқ.
Мысалы, 73 келіде бақ сынаған Серік Ақылбек турнирдің екінші айналымындасүрінді. Ал 81 келіде күрескен Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев біріншіліктіңжартылай финалында ұтылып, кейін қола медальдан да көз жазып қалды.
Индонезияда өткен Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамзаіріктеу айналымында Иран мен Қытай балуандарынан басым түсіп, жартылай финалдаөзбекстандық Шарафуддин Балтабаевтан «алтын ұпай» ережесі бойынша ұтылды. Қоламедаль үшін өткен белдесуде Дидардың жапониялық Хикаро Томокиоға шамасы жетпеді.
Руслан Мұсаев Тайланд, Қытайлық Тайпей және Жапонияспортшыларынан басым түскен. Алайда, жартылай финалда моңғол, қола медаль үшінкүресте Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді.
Қыздар арасындағы сында Ақниет Тұрдан мен ЙолантаБердібекова (63 келі) және Мөлдір Нарынова (70 келі) жұбаныш белдесуіндежеңіліс тапты.
Ал үшінші күні100 келіге дейінгі салмақта белдескен АйбекСерікбайұлы жұбаныш белдесуінде пәкістандық балуанға есе жіберді. Ал аса ауырсалмақтағы Ерасыл Қажыбаев екінші айналымда жарысты аяқтады.
Ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі, 90 келідегі ИсламБозбаев жартылай финалға дейін жетті.
Теміртаулық балуан Фуджейрадағы Азия біріншілігіндеалдымен, тайпейлік Фонг Чун Ченді уақытынанбұрын жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Ерлан Шеровты вазари ұпайымен ұтты. Өкінішкеқарай, тәжікстандық Комроншох Устипириенге қарсы өткен кездесуде Бозбаевиппонға түсіп қалды.
Сосын Ислам Азия біріншілігінің қола медаліне таласуғамүмкіндік алды. Кіші финалда ОңтүстікКореядан келген, әлем чемпионатының жүлдегері ГвакДон Ханды оңай ұтып, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.
Осылайша, дзюдодан Қазақстан командасы Азиябіріншілігінен 6 медаль еншіледі. Оның біреуі алтын, біреуі күміс,қалғаны қола медаль.