Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:00, 04 Қыркүйек 2019

Азия елдері қаламгерлерінің форумына 281 млн теңге бөлінген

None
None

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің алғашқы форумына Қазақстан бюджетінен 281 миллион 35 мың теңге (726 мың доллар) бөлінген.

Бұл туралы мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілген. Тапсырыс беруші — Мәдениет және спорт министрлігіне қарайтын Ұлттық кітап палатасы. Конкурсқа Қазақстан жазушылар одағы ғана қатысқан.

Нұр-Сұлтандағы форум 4-6 қыркүйек арасында өтеді. Қазақстан жазушылар одағының мәлімдеуінше, форумға Азияның 35 елінен 80-ге жуық жазушы қатысып жатыр. Олардың арасында Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары бар.

Жиынның ашылуына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Форум кезінде Қазақстан қаламгерлер жиынын үш жылда бір рет Азия елдерінің бірінде өткізіп тұруды, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының құрлықтық баламасын тағайындау ұсынбақ.

Тегтер: