Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:43, 28 Қыркүйек 2023

Азия ойындары: Қазақстандық мергендер бір «алтын», бір «күміс» алды

Алтын медаль
Фото: из открытых источников

Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды.

Оқ ату командасының өкілі Зухра Ирназарова Азия ойындарының чемпионы атанды. Қозғалатын нысананы көздеу (10 метр) жарысында отандасымыз үздік шықты. Финалда ол 560 ұпай жинады.

Қазақстан спортшы Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Сондай-ақ қозғалатын нысанаға 10 метрден оқ ату сайысында Александр Сәдуақасов, Фатима Ирназаров және Зухра Ирназаровадан құралған Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 15 медаль бар: 2 алтын, 3 күміс, 10 қола.

Тегтер: