«Бадамнан» су электр станциясы салынады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» каналына барды.
Мұнда инвесторлар арқылы су электр станциясының құрылысы жүргізілмек. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бадам» каналындағы кіші су электр станциясының қуаттылығы 1МВт болады деп жоспарлануда. Бұл қалалық орта үшін шуы өте аз инновациялық суасты станциясы болады. Өндіріс қуаты жылына 8,5 млн. КВт.-ты құрайды.
Жобаның құны – 738 миллион теңге. Яғни, жабдық сатып алу, су электр станциясының ғимаратын салу, 1,5 км құбыр тарту жұмыстары атқарылады.
Сонымен қатар, су электр станциясы заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталады. Атап айтқанда, Германияның DIVE технологиясы бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа станция құрылысында 16 адамды жұмыспен қамту көзделуде.