Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:56, 29 Сәуір 2019

Баландин Токио олимпиадасына қатысады

2020 жылғы Токио қаласында өтетін олимпиада жақындаған сайын оған қатысу құқығын иеленген, нормативтерін сәтті орындаған спортшылардың аты жиі атала бастайтыны сөзсіз.

Кез келген спортшы өз саласы бойынша олимпиадаға қатысуды мақсат тұтады. Ал, қалғаны соған баспалдақ іспеттес. Осыны ескерсек, олимпиадаға жолдама алу тек жарысқа қатысып, орын алып (яки құлап) қайту емес, ол мүлде жаңа деңгейдегі дайындық кезеңіне өту. Қазақстандық тағы бір спортшы енді осындай, ерекше дайындыққа кіріседі. Дмитри Баландин!

Баландин –олимпиада чемпионы. Енді осыдан бұрынғы олимпиада көрсеткен жетістігін қайталайала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді, дегенмен, қазіргі аяқ алысы бар, солкездегі жұртты таңғалдырған жеңісі бар, келер олимпиададағы бәсі жоғарыфавориттің бірі Дмитрий болары сөзсіз. Бұл жауапкершілікті Баландиннің өзі дежақсы сезінуге тиіс.

Сонымен, олимпиадаға қатысу құқығын беретін нормативті Баландин Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) ұйымдастырған турнирде орындады. Жүзгіш спортшы бұл жарыста қола медальді қанағат тұтты. Оған олимпиадаға жолдама әперген де осы қола медаль.

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы өткізген Champions Swim Series турнирінің бірінші кезеңі Гуанчжоуда өтті. Федерация бірінші рет өткізіп отырған су жаңа турнирде Баландин екі бірдей қола медаль иеленді. Алғашқысы брасс әдісімен жүзетін 200 метрлік сайыста белгіленген межені 2 минут 09 минут 37 секундта жүзіп өтті. Бұл көрсеткіш — нормативтен бір минуттай жылдам орындалған жаттығу (талапқа сәйкес А нормативінің көрсеткіші 2:10:35 болуы керек). Ал, екінші қола медальді 4 адамдық командамен 100 мелрлік эвтафетаға қатысып, жеңіп алды.

Брасс әдісібойынша Баландиннің негізгі қарсыласы болған ресейлік Антон Чупков 2:07:48уақыттық көрсеткішпен топ жарды. Бұл Чупков 2020 жылы да біздің спортшыныңбасты бәсекелесі болады. Айта кету керек, Чупков 2016 жылғы олимпиадада қоламедаль иеленген болатын. Жаңа турнирдің күміс медалі – қытайлық Цин Хайяньғабұйырды. Ол берілген қашықтықты 2:08:31 уақытта жүзіп өтті. Ал, үшіншікөрсеткіш жапониялық спортшы Иппей Ватанабэнің еншісінде. Қола медальдіңбіреуін алған бұл спортшы 2:09:33 уақытымен, Баландиннің алдын сәл ғана орапкетті.

Баландин жүзуспорты бойынша Қазақстандағы орны ерекше. Оның брасс әдісі бойынша 200 метрлік қашықтықта2016 жылғы Олимпиададағы алтын медалі Қазақстанның спорт тарихындағы, оның ішіндесу спорты түрлерінен алғын тұңғыш медаль. 1995 жылы туған Дмитрий Баландин Азияойындарының үш дүркін жеңімпазы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы, брассәдісімен 50, 100, 200 мтерлік қашықтықта Қазақстанның рекордшысы.

Фото: sputniknews.kz

Тегтер: