Балқашта бесқабатты үй опырылып түсті
Қарағанды облысының Балқаш қаласында 19 ақпан күні таңертең Қараменде би көшесі, 10 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің бесінші подъезд құлады.
Әкімдік мәліметінше, оқиға шамамен сағат 08:10 шамасында болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Билік өкілдерінің айтуынша, құлаған подъезд бұған дейін апатты деп танылып, бұзылуға жатқызылған. Оның тұрғындары алдын ала көшірілген, себебі үй-жайлар тұруға жарамсыз деп есептелген. Аумақ қоршалып, көлік кіргізу шектелген, сондай-ақ инженерлік желілер (электр, жылу, су) ажыратылған.
Қазіргі уақытта бесінші подъезді құрылыс және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып бұзу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғаннан кейін әкімдік қалған төрт подъездің техникалық жағдайына қосымша тексеріс жүргізіп, олардың құрылымдарын нығайтуға арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындауға уәде берді.
Сонымен қатар бұзу жұмыстары кезеңінде қалған подъездердің тұрғындарын уақытша эвакуациялау мүмкіндігі қарастырылып, оларды уақытша орналастыру мәселесі талқыланып жатқаны айтылды.