Live

Алматыдан 300 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

2026 жылғы 19 ақпанда Астана уақытымен сағат 14:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

жер сілкінісі

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары – 42.176º солтүстік ендік, 80.438º шығыс бойлық. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.8. Магнитудасы – MPV 5.3.

Есептік қарқындылығы (балл бойынша):

  • Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы — 3 балл (66 км);

  • Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы — 3 балл (137 км);

  • Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы — 2 балл (193 км);

  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы — 2 балл (201 км);

  • Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл (224 км);

  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы — 2 балл (238 км);

  • Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы — 2 балл (266 км);

  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы — 2 балл (268 км);

  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы — 2 балл (269 км).

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматы тұрғындары тағы бір жер сілкінісін сезінген болатын. Оның эпицентрі қаладан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз