Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:44

Бангладеште жолаушылар автобусы өзенге құлап, 26 адам қаза тапты

Бангладеш
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға паромға кіру кезінде болған. Жүргізуші басқаруды жоғалтып, автобус понтоннан суға құлаған.

Бангладештің орталық бөлігінде орналасқан Падма өзеніне жолаушылар автобусының құлауы салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты. Бұл туралы The Daily Star басылымы хабарлады.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ішінде шамамен 40 адам болған автобус понтонда тұрып, паромға отыруды күтіп тұрған кезде өзенге құлаған. Олардың 11-і өз күштерімен жағаға шыға алған. Қаза тапқандардың арасында 11 әйел, 8 ер адам және 7 бала бар. Олардың 22-сінің денесі туыстарына табысталған.

Құтқарушылар апаттан кейін алты сағат өткен соң автобусты өзен түбінен көтерді. Бірнеше жолаушы әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Тегтер: