Бақтыбай ЖАЙЛАУ: Сайлау ма, тағайындау ма?
ҚР парламенті сенатының депутаттығына кандидатұсынарда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары өздерін сайлаған халықтыңда қалауын ескеруін сұрап, 12 маусым күні пост жазып едім.
Аз уақыт өткенненкейін саясаттанушы Ербол Еділов ағамыз кейбір дереккөздеріне сілтеме жасап,Маңғыстау облысынан ҚР парламенті сенатының депутаттығына кандидат ретінде «Қаражанбасмұнай»АҚ вице-президенті Сүйіндік Алдашев ұсынылатынын жариялапты. Ішкі-сыртқысаясатта кімнің кім екенін жақсы танитын, саяси тұлғалардың биографиясы менмансап жолын жетік білетін, тіпті кімнің қай лауазымды қызметке тағайындалатынынресми ақпараттан да бұрын хабарлап, сараптамалық болжамдары дәл келіп жататын,бір өзі – бір медиа, Ерағаң жазған осы бір-ақ пост қазірдің өзінде қоғамдаСүйіндік Тасеменұлын сенат төріне шығарып қойғандай болды.
Сонда бұл сайлаума, тағайындау ма?
Парламент қызметтенбосаған шенеуніктердің демалатын орны деген стереотипті бұзу керек. Басқаоблыстарды айтпай-ақ қояйын, біздің Маңғыстауда Л.Қиынов, Қ.Ережепов,З.Алшымбаев, М.Бортник, Г.Сейтмағамбетова, С.Оспанов, Т.Хитуов сияқты т.б. бұрынғыәкімдер мен орынбасарларды парламентке депутат етіп жіберу тәжірибесінжалғастырып, С.Алдашевті астанаға асыруға мұнай-газ саласының менеджерлері демүдделі болуы мүмкін. С.Тасеменұлындай кәсіби мұнайшы, білікті басшыМаңғыстауға да керек. Әсіресе «Қаражанбас» сияқты алпауыт акционерлік қоғамғакерегірек. Сондықтан әлі екі айдай уақыт бар. Ойланайық, ақылдасайық,мәслихаттасайық. Менің және журналист Суитов Мұхамбет құрдасымның жазған постарымыздамаңғыстаулықтар негізінен Самат Мұсабаев пен Аббат Өрісбаевты, қоғамбелсенділері Жәнібек Қожық пен Уайс Ерсайынұлын ұсынып жатыр.
Ендігі сайлауларашық, әділ, тартысты өтуі керек. «Нұр Отан» партиясы тұңғыш рет мәжіліс пенмәслихаттардың депутаттарын праймериз арқылы сайлауға дайындалуда. Ал одан бұрынөтетін сенат сайлауы «тағайындау» деген сынға ұшыраса, партияның тым тәуір жаңабастамасына да сенімсіздік туғызуы мүмкін. Мен өзім 2016 жылғы 20 наурыздаөткен парламент мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауда С.Мұсабаевпен А.Өрісбаев ағаларымызға сенім артып едім. Екі кандидатымыз да саяси додадатоп жарып, мәслихаттағы қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Бұл жолы осы жәнеөзге де халық қалаған азаматтарымыз парламент сенатына ұсынылуын күтеміз.«Жалғыз шапқан ат – жүйрік» дегендей, бір жүйрікті ғана шаптырып қоймай, саясиаламан ұйымдастыру керек қой.
Жалпы, кім сайланса да, біз үшін неғұрлым кандидаттардыңкөбірек тіркеліп, сайлаудың тартысты өткені керек. Сайлау науқанының қызығы да сонда.
Сіздер не дейсіздер, құрметті достарым?
Фейсбук парақшасынан