Бақұл бол, Айсұлтан!
Қазақ еліне Лондоннан қаралы хабар жетті.Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті жиен немересі, марқұм Рахат Әлиев пен ДариғаНазарбаеваның ұлы Айсұлтанның жүрегі тоқтады.
Небәрі 30-ға толар шағында ғұмырыүзілді.
Алдын ала дерек бойынша, 16 тамызда оның жүрегі тоқтап қалған. Басқамәліметтер әзірге айтылмайды.
АйсұлтанРахат (Назарбаев) 1990 жылы 26 тамызда туған. Қысқа ғұмырында Айсұлтанның маңдайынақызығы да, шыжығы да аз болмаған тағдыр бұйырыпты. Айсұлтанныңартында қызы Әмели мен Сұлтан есімді ұлы қалды. 2013 жылы ол бизнесмен ҚайратБоранбаевтың қызы Әлимамен отау құрған болатын.
«Менің бастылауазымым – президенттің немересі болу» деп кеткен бала жастайынан футболғақызықты. Әкесі Рахат Әлиев Австрияда елші болғанда ұлын өзімен бірге алыпжүріп, жергілікті «Адмира Ваккер» клубының футбол мектебіне берді. 2006 жылыол Қазақстанның бірінші лигасында астаналық«Рахат» клубының құрамында екі матч өткізді, футболдан жастар арасындағы Еуропачемпионатының іріктеу турниріне қатысты. 2007 жылы Алма-Ата «Железнодорожник»ФК құрамында болды. Кейін ағылшынның «Портсмут» клубының құрамында жаттығыпжүрді. Әйтсе де үлкен футболшыға айнала алмады. Футболды қойып, Британияның корольдікәскери академиясында білім алды. Бір жылдары Қазақстан Республикасы қорғанысминистрлігінің бас барлау басқармасында бір жылдай қызмет етті.
Бір кездері елдегі футбол федерациясының тізгінін қолға алмақболды.
Кейін Лондонда тұрақтады. Онда да сыртынан адам қойылып,тым еркін жүре алмады. Есірткіге әуестеніп, ауыр шырмауға түскенін ешкімненжасырмай, жалпақ әлемге өзі-ақ жариялай салды. Тым ашық, жаны таза жігіт еді.
Кешесенаттың экс-төрайымы, Айсұлтанның анасы Дариға Назарбаева көпшіліктен өзотбасының қайғысына түсіністікпен қарауды өтінді: «Меніңотбасым сүйікті балам – Айсұлтанның қайтыс болуына байланысты қайғы жұтып, қаражамылып отыр. Қымбаттымыздан айырылып, орны толмас шығынға ұшырап, басқа түскеносындай қиын күнде көпшілік бізге түсіністікпен қарап, құрмет танытады деп сенеміз»,– деп жазды Дариға Назарбаева.
«ЖасАлаш» газетінің ұжымы Айсұлтанның туыс-жақындарына, дос-жарандарына қайғырыпкөңіл айтады.