Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:45, 09 Желтоқсан 2024

Башар Асад Ресейден саяси пана алды

1
Фото: из открытых источников

Сирия президенті қарулы қарсыластарынан ойсырай жеңілген соң Ресейді паналады. Башар Асадқа Мәскеу саяси баспана берді.

Бұған дейін Сирия президенті отырған ұшақ атып түсірілді деген болжамдар айтылған еді. Алайда қашқын президенттің Мәскеуге отбасымен бірге аман-есен жетіп алғаны белгілі болды. Кремльдегі дереккөз Асадқа саяси баспана берілгенін растады.

«Ресей гуманитарлық тұрғыдан Асад пен оның отбасына баспана беруді жөн көрді», – деа жазды ТАСС агенттігі. 

Сондай-ақ Ресей билігі Сириядағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ аясында бейбіт келіссөздерді қайта бастауды қажет деп санайды. Бұл оқиға халықаралық қауымдастықтың назарын аударып, Сириядағы ұзаққа созылған қақтығысты шешу жолдарын іздестірудің маңыздылығын арттырды.

Еске салайық, 59 жастағы Башар Хафез әл-Асад Дамаскде дүниеге келген. Ол Сирияны 24 жылға жуық басқарды. Сирия Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы да болған Башар соғыстан көз ашпаған Сирияны 1971 жылдан 2000 жылға дейін басқарған бұрынғы президент Хафез Асадтың ұлы.

Тегтер: