Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:43, 25 Ақпан 2024

Батырлар жанымызда жүр. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды

өрт
Фото: из открытых источников

Павлодар қаласындағы Орджоникидзе көшесінде 25 ақпан күні кешке өрт болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:21-де жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Бұл туралы Қазақстан республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдары жарысқа жазған жағдай кезінде өрт сөндірушілердің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрт шыққаны жөніндегі хабрландуы түскен бетте оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дер кезінде жетті. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйде он шаршы метр аумақты қызыл жалын шарбығанын анықтады. Сол кезде үйдегі заттар мен үй шатыры жанып жатты.

Қызыл жалын шарпыған үйден 1961 жылы туған ер адам құтқарылды. Құтқарылған адам дәрігерлер қарауына тапсырылды. Сонымен қатар өрт сөндірушілер өрт шыққан үйден газ баллонын алып шықты.

«ПЧ-3 қарауыл бастығы Қайрат Бексейітов пен жасақ командирі Бақтияр Нұрмағамбетов ер адамды өртеніп жатқан үйден алып шығып, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Ер адам ауруханаға түсті. Өрт сөндіруші Қайыргелді Қарыбаев үйден газ баллонын эвакуациялады», - деп хабарласты жергілікті төтенше жағдайлар департаменінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бір сағатқа жетпейтін уақтты толық сөндіріп, залалсыздандырды. Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21:01-де толық оқшауланып, 21:26-да толық сөндірілді. Оқиға орнына жеке құрамның он жеті қызметкері және төрт арнаулы техника барып, өрт сөндірді. Сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы көмек қолын созды.

Қазіргі уақытта қызыл жалын қайдан тұтанғаны және өрт кезінде қанша шығын келгені анықталып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік талабын қатаң сақтап, оқыс оқиғалардың алдын алуға шақырды.

Тегтер: