Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:50, 19 Наурыз 2025

Батыс Қазақстан облысына тағы бір дрон құлады

1
жергілікті тұрғын түсірген сурет

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының тұрғындары аймаққа тағы бір дрон түскенін хабарлады. 

"Бұл жолы түріне қарағанда ірілеу – үш метр жерді алып отыр" деп жазды "Уральская неделя" басылымы.

Тасқала аудандық полициясына 18 наурыз сағат 17:35-те Атамекен ауылы тұрғындарынан белгісіз нысан табылғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына оралдық саперлар барған.

"Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметпен бірлесіп, Тасқала ауданында дронға ұқсайтын нысанның табылуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекендерден шалғай аумаққа құлап, бүтін күйінде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр" деп жазылған полиция хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпанда да Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округы маңынан осындай нысан табылған еді.

Диана Аманғалиева

Тегтер: