спорт

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

ABU DHABI OPEN: Елена Рыбакина

1/8 финалда Рыбакина аустралиялық Талия Гибсонмен (әлемдік рейтингте 68-орын) кездесіп, екі сетте сенімді жеңіске жетті — 6:2, 6:3.

Miami Open-2026 турнирінде Елена Рыбакина бұған дейін:

– қазақстандық Юлия Путинцеваны (75-орын) — 6:3, 6:3;

– украиналық Марта Костюкты (28-орын) — 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Ал Талия Гибсон турнир барысында бес матч өткізіп, грузиялық Екатерина Горгодзені (165-орын), өзбекстандық Камилла Рахимованы (82-орын), чехиялық Сара Бейлекті (41-орын), сондай-ақ жапониялық Наоми Осаканы (15-орын) және америкалық Ива Йовичті (17-орын) жеңген.

Майамидегі WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры — 9 415 725 доллар. Жекелей сында жеңімпаз 1 151 380 доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз