Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:04, 22 Ақпан 2021

Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты

None
None

Орал-Атырау тасжолында жол апаты болды. Полиция жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза болғанын хабарлады.

Полиция департаменті Toyota және Лада маркалы көліктің соқтығысқанын хабарлады. Оқиға БҚО Ақжайық ауданы Тапақ ауылының маңында болған.

«Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханаға түсті. Лада көлігінде бес адам болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Тегтер: