10:45, 05 Қаңтар 2024
Баянауылда жердің астына түсіп кеткен автобустағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр
«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бқл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнында әлі де топырақ сырғып, құтқарушылар қауіпке байланысты кедергілерге тап болып жатыр.
Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары қосылды.
Оқиға орнында ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус ойық ішіне құлап кеткен болатын.