Кеше, 10:33
Байден Пентагонға Украинаға қару-жарақ жеткізуді тездетуді тапсырды
АҚШ президенті Джо Байден қорғаныс министрлігіне Украинаға белсенді қару-жарақ жеткізуді жалғастыруды тапсырғанын айтты.
Америкалық көшбасшының мәлімдемесі Ақ үйдің сайтында жарияланды.
«Мен Қорғаныс министрлігіне Украинаға жедел қару-жарақ жеткізуді жалғастыруды тапсырдым және Америка Құрама Штаттары Украинаның Ресей күштеріне қарсы қорғанысын нығайту үшін аянбай жұмыс істейді», - делінген мәтінде.
Байден АҚШ-тың соңғы айларда Украинаға жүздеген әуе қорғанысы зымырандарын бергенін және тағы да зымырандар жолда екенін атап өтті.