Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:20, 24 Шілде 2023

Бейбіт Шүменовке халықаралық іздеу жарияланды

None
None

Астана полиция департаменті бір күн бұрын іздеуге жарияланған Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірді.

Елорда полициясы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес ресми түрде мемлекетаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді.

«18 маусымда астаналық сауда орталығында болған оқиға фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Шүменовке Астанадағы сауда орталығындағы төбелестен кейін іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. 

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде боксшы мен балалы ер адамның арасындағы жанжал қоғамда резонанс тудырды.

Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде спортшы оқиғаның мән-жайын айтып, дау балалардың арасындағы жанжалдан басталғанын айтты.

Тегтер: