Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:03, 24 Шілде 2023

Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

None
None

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Шүменовке іздеу жарияланғаны туралы хабарландыру 22 шілдеде құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.

Скриншот с сайта qamqor.gov.kz

Баласы бар ер адамды ұрып-соққан боксшыға бұзақылық жасады деген айып тағылды.

Жанжал Астанадағы сауда орталығында орын алып, осыдан кейін Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды ұрды деп айыпталған болатын.

Содан кейін Бейбіт Шүменовтың әйелі АҚШ елшілігінен көмек сұрады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жағдайға қатысты пікір білдірді. Балалар омбудсмені Шүменов өз әрекетімен әкесінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттігін алға тартады.

Бейбіт Шүменов болса, өзіне пышақпен шабуыл жасағанын айтты.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі де өз елінің азаматы мен қазақ боксшысы арасындағы төбелеске қатысты оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

Тегтер: