Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:53, 13 Маусым 2022

Бейжіңде COVID-19 жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

None
None

ҚХР үкіметі ұзақ уақыттан кейін алғаш рет коронавирустың жаңа жағдайын тіркеді, — деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Бұл туралы жергілікті билік өкілі Сюй Хэцзянь баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оный айтуынша, Бейжіңдегі түнгі барлардың бірінде анықталған кластерлік індет тез таралу сатысында, ал Қытай мегаполисінде індеттің екінші рет өршу қаупі жоғары болып отыр. Бейсенбіден бері қалалық түнгі барға байланысты 115 COVID-19 оқиғасы тіркелген.

3.5 миллион халық тұратын қаланың ең көп шоғырланған Чаоян аймағындағы түнгі барда коронавирус жұқтыру жағдайлары көптеп анықталатыны күтіліп отыр.

«Чаоян ауданындағы барда пайда болған коронавирустың бұл түрін Синфади базарынан шыққан алдыңғыға қарағанда бақылау және алдын алу қиын», — деді Хэцзян.

Тегтер: