Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:16, 09 Сәуір 2019

Бексұлтан Нұржеке-ұлы: Ахмет Байтұрсынов атындағы ініститут Ахмет Байтұрсыновқа қарсы

«Жас Алаш» газетінің бүгінгі санында (№28, 9 сәуір, 2019) жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бексұлтан Нұржеке-ұлының «Тіл заңы тілдің диктатурасына айналмауы тиіс» деген мақаласы жарық көрді.

Мақалада белгілі жазушы бүгінгі қазақ тілінің емлесіне көңілі толмайтынын жазады. «… Ана батшағар мен мына батшағарды мысалға алмай-ақ, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі ініститутының латыншаға негізделген «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» атты жаңа заңынан мысал келтірейін. Онда «ы» мен «й», «і» мен «й» әріптерінің орнына бір ғана «и» жазылады делінген. Төрт дыбыстың орнына бір әріп! 

«Неге? Не себептен олайжазамыз?» – деген сұрақ өз-өзінен туындайды. «Негізгі ереженің» бүкіл өнебойында «бір дыбысқа – бір әріп» мақсатын ұстанып келеміз де, қазақ тіліне орысәліпбійінен зорлықпен енген «и» әрібіне келгенде, ол мақсатынан неге айныйқояды? Заң орыстікі, тіл – қазақтікі болған заң әлі өзгермеген бе?

«Емле – жазу үшін шығарғаннәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлауемес, емлені тілге ыңғайлау керек. Тілдің табиғатына қарамай, зорлап, емлегетаңып байласақ, қытай қатындарының айағы болып шығады», – демеп пе еді АхметБайтұрсынов («Тіл тағылымы», Ана тілі, 1992, 395-бет). Сұмдық қой, АхметБайтұрсынов атындағы ғылыми ініститут Ахмет Байтұрсыновқа қарсы: тілді емлегебағындырғысы келеді. Тілдің табиғатын бұзғысы келеді. 1940-жылдан бері тілімізгезорлап енгізілген «и» дауысты дыбысы сексен жыл бойы тіліміздің дыбыс және буынүндестігін бірте-бірте бұзып келе жатыр еді, енді мәңгі бұза бермек. Бұрынтілімізде жоқ, 1940-жылы ғана әліпбійімізге зорлықпен енген бұл әріп ұлттан да,мемлекеттен де мықты болып тұр. Және Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл біліміінітитутының арқасында», — дейді жазушы.

Мақаланың толық нұсқасын «ЖасАлаш» газетінен оқи аласыздар.

Фото: jebeu.kz

Тегтер: