Белорусьтағы сайлаудан кейінгі ойлар

Белоруссиядағы президенттік сайлауқарапайым азаматтар мен маман зерттеушілерден бастап, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар,бұқаралық ақпарат құралдары көз тіккен ерекше оқиғаға айналды.
Оның басты себебі тоталитарлық жүйеден құтылып, тәуелсіздіктеріналған Кеңес Одағының жаңа мемлекеттерінде орнаған авторитарлық жүйенің бүгінімен болашағының сын сағаты туғаны дер едім. Сондықтан билік жүйесі де, басқарутәсілі де Лукашенконың Белоруссиясынан бір де кем емес қазақ қоғамының бұлжағдайға деген қызығушылығын да, алаңдаушылығын да түсінуге болады. Ал егер белорусжеріндегі кешегі сайлауға және сайлаудан кейінгі саяси жағдайға көз жүгіртсек,біздің ұқсастықтарымыздың аяғы салыстыруға әкелетін сияқты.
1. Саясаттанушылардыңкөпшілігі «Белорустың оппозициясы қайда?» деген сұраққа жауап таба алмай далболып отырған сыңайлы. Жауап біреу-ақ: Лукашенконың қысымымен елде оппозициялықсаяси күштер түгіл, өзіндік бағыты бар, демократиялық жолды насихаттайтынқоғамдық ұйымдар да қалмады. Керек десеңіз, «Сорос» сияқты халықаралықұйымдарды былай қойғанда, АҚШ елшілігі де жоқ. Сондықтан болу керек, бір күнніңішінде үш бикеш бастарын қосып, оппозиция рөлін атқарып, саяси аренаға шықты.(Осындайда бірінің аяғынан бірі тартатын Қазақ елінің оппозициясына қарап,«кейде оппозицияның болмағаны да жақсы екен ғой» деген дүдәмал ойға да беріледіекенсің. Егер «оппозициямыз» дейтін топ болса, Светлана мен қасындағы мүдделесадамдарын жамандап, неше түрлі атақ тағып, іске алғысыз қылар ма еді, кімбілсін.)
2. Сайлауғатүсеміз деген азаматтар (Бабарико, Цепкало, Тихановская) штабтарының бірігуі,тіркеле алмай қалған үміткерлердің жұбайларының мүдде үшін бас қосуы бізге үлгіболарлық бастама. Мүмкін, біреулерге бұл азаматтар жақпайтын да шығар, бірақ олар біздіңоппозициямыз дейтіндер сияқты «бойкот» жариялап, бір емес, екі құрылтайөткізіп, Лукашенкоға көмектескен жоқ. Ал үш бикештің бірігіп, бірін-біріқолдауы, біреуі үшін бәрінің жұмыс істеуі Беларусьтағы басқа «батырлардың»ашу-ызасын келтірген жоқ. Олар үшін басты мақсат Лукашенкоға қарсы бір адамныңтіркелуі болатын. Олар Светлананың саясаткер емес екенін де, халықты күрескекөтеретін, соңғы демі қалғанша тиранмен алысатын күрескер емес екенін де жақсыбілді. Бірақ сайлаудағы мақсат көсемнің ақ атқа мініп, қылышын асынып, адамдардыалаңға бастап бару емес, халықтың оянуы болатын. Сайлауға саясаткерлер емес,халықтың өзі қатысады, өздері дауыс береді, сол дауыстарын өздері қорғайды.Сайлаудың саяси тәсіл ретіндегі басты ерекшелігі де осында. Бұл жерде ақорыстарбізден озып кетті.
3. Сайлаудыңресми нәтижесі жұма күні жарияланды. Бірақ кейбіреулер Беларусь тиранынаөздерінің құрметтерін білдіруге асыққандары соншалық – «алдын ала құттықтауға»көшкен сияқты. Ресми мәлімет жарияланбай жатып, сайлау болған күннің ертеңінеүміткерді құттықтау саяси мәдениетсіздік. Біздің президентіміз бұл жөніндеПутиннен озыпты, бірақ Ши Жи Пиннен қалып қойыпты. Қазақпыз десек өзімізгетиеді, бірақ Тоқаевпен жағаласып Лукашенконы Назарбаевтың да ресми құттықтағанықызық болды. Әрине, Кеңес Одағынан бері келе жатқан ескі достардың бірін-біріқұттықтауы дұрыс та шығар, (бірақ басқа ескі достар ондай құттықтау жібергенжоқ, достар бірін-бірі телефон арқылы құттықтайды ғой) бірақ оны ресми мәлімдеутағы бір мәдениетсіздіктің белгісі болды. Мүмкін, бұл елбасы көмекшілерінің қатесі де болар.
4. Көшегешыққандарды басу үшін күш қолданғанда әлдемдік БАҚ-тың ерекше көңіл аударғанмәселесі – милицияның арнайы құралдарды (жарық шашатын граната мен резина оқтар)пайдалануы болды. Соған қарағанда Беларусьта бұл құралдар алғаш ретқолданылғанға ұқсайды. Ал бізде тәртіп сақшылары мұндай арнайы құралдарды 2007жылғы Шаңырақ шайқасында кеңінен қолданды. Ол мәселені сот отырысында біз толықдәлелдеп шықтық. Ал Жаңаөзенде арнайы құралдарды жиып қойып, соғыс құралдарында пайдаланды. Қысқасы, бұл жерде қатыгездік жөнінде біз біріншілікті бермейтұрмыз.
5. МеніБеларусь сайлауындағы Қазақстанда қолданылмаған жаңа бір әдістер қызықтырды.Бұлардың қатарына: а) Халықаралық ұйымдардан бақылаушылар шақыруды кешеуілдетіпжіберу. Соның салдарынан халықаралық ұйымдар бұл сайлауға бақылаушы жібереалмады. ә) Алдын ала дауыс беру әдісі. Ресми мәлімдеме бойынша алдын ала дауысбергендердің саны 40 пайыздан асады екен. Ал бұл процесті бақылаудың мүмкінемес екенін ескерсек, Лукашенко дауыс беру күніне дейін-ақ өзінің басымдығынкепілдендіріп қойды деуге болады. Біздің орталық сайлау комиссиясы осы уақытқадейін осы тәсілді пайдаланбағаны таңғалдырады. б) «Ресми экзитпол» тәсілі.Белоруссияда алғаш рет экзитполдың биліктің ресми түрде қолданатын тәсілі екенімойындалды. (Шындығында, дауыс беру учаскелерінің алдында отырып, дауыс беріпшыққан адамдардан кімге дауыс бергенін сұрап алып, сол арқылы дауыс беру процесінің бағытын бақылаутек қоғамдық ұйымдардың міндеті болып табылады). Бұл тәсілді біздің билік тепайдаланды, бірақ Қазақстан билігі экзитпол жасайтын ұйымдарға қатаң талап қоюарқылы өздеріне қажетті бір ұйымды таңдап алды. Бұрын Қазақстандағы сайлаудакез келген зерттеу агенттіктері қаржылық мүмкіндігі болса, ешқандай рұқсатсызэкзитпол жүргізе беретін. Ал белорустар«ресми экзитпол» деген жаңа терминді өмірге әкеліп, қоғамдық ұйымдардыңжұмыстарын биліктің қолына берді. Мойындау керек, «тамаша» тәсіл.
6. Меніңше,Белоруссиядағы сайлау, сайлаудан кейінгі қарсылық кезеңінде бізді «әттеген-ай»деуге алып келетін, тағы бір салыстыратын мәселе бар сияқты. Ол халықтыңашу-ызасына деген зиялы қауымның көзқарасы мен әрекеттері. Нобель сыйлығыныңлауреаты Светлана Алексиевич, төрт мәрте олимпиада чемпионы Дарья Домрачевасияқтылар халыққа араша түссе, ондаған телеканалдың басшылары халықтыңқарсылығын қолдап, жұмыстарын тоқтатты. Ал бізде сайлау басталмай жатып (!),әлі үміткерлер тіркелмей жатып (!), олардың бағдарламалары жарияланбай жатып(!), «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» Қ.Тоқаевтықолдайтындықтарын білдіріп, жиналыстарын жасап, шешімдерін шығарып та қойды.Осылайша «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дейтін адамдар бәрімізді жергеқаратты. Оған жазушылар қосылды.(Жазушыларды түсінуге болады – олар Тоқаевтан су жаңа екі машина алды. Одан кейін, Тоқаевты қолдамау – қаламыныңсиясы біткенмен бірдей). Бұл біздің зиялы қауымның болмысы. Мүмкін, халықтыңоянуын билікке қызмет жасайтын зиялы қауымныңіс-әрекетімен өлшемеу керек шығар, бірақ олар, ең қызығы, екінші жақ – Лукашенкоүшін де көшеге шығып жатқан жоқ. Олар бейтарап. Мен бейтараптықтан қорқамын.Бұл да бойкоттың бір түрі сияқты.
7. Беларусьбилігі баяғы тәсілге басып, көшеге шыққандардың барлығын «ішімдікке тойған», «есірткіденестері кеткен» деп көрсетуге күш салды. Бұл Қазақстанда да Желтоқсан көтерілісіненбері қолданылып келе жатқан тәсіл. Бірақ Беларусь билігі он мыңдаған адамдардың,оның ішінде көпшілігі әйелдердің шыққанын ескеріп және «алкаш» деген атақтыңмемлекетке абырой бермейтінін түсініп, «тып-тыныш халық едік, бұның бәрінқұтыртып отырған көрші елдер» дегенге көшті (айтпақшы, олардың зиялылары біздің кейбірәртіс, ақындарымыз сияқты «нашақор, маскүнем қазақ жастары алаңға барып,ұлтымызды масқара етті» деген хат жазып, қол қойған жоқ). Қысқасы, халықнаразылығы АҚШ-ты былай қойғанда, Ресей, Польша, Чехия елдері мен Евросоюзғадейін кінәлі болып шықты. Тағы қайталаймын, Беларусь жерінде шетелдік қорларда, институттар да жоқ. Сондықтан ақорыстардың жағдайы Украинаның жағдайынан бөлектеу.
8. Белоруссиядахалық Светлана Тихановская деген кандидатты қолдау үшін емес, Лукашенконың билігінеқарсылықтарын көрсету үшін өздерінің дауыстарының ұрланғанына шыдамай, көшегешықты. Бұл ақиқат. Светлана Тихановскаякетіп қалса да, «қарсылық көрсетуді тоқтатыңдар» десе де, халықтың белгілі бірбөлігінің қарсылығы тоқтар емес. Бұл сайлаудың ресми нәтижесіне деген қарсылық.Қазақстан оппозициясы «Әміржан Қосанов өзінің міндетін атқарды, енді әр адамөздерінің дауыстары үшін күресулер керек» деген ұран тастаған жоқ. Шынында да,халықтың басым көпшілігі Қосанов үшін дауыс берген жоқ, билікке деген қарсылықтарынҚосановқа дауыс беру арқылы білдірді. Бірақ біздің оппозициямыз деп жүргендерөздерінің әрекетсіздіктерінің басты кінәлісі етіп Әміржанды алды. (М.Асипов:«Ругать последними словами Косанова оказалось горазда безопаснее, чем выходитьна улицу»). Белорустар Светлананы жамандаған да жоқ. Бойкот жариялап, сайлауғаараласпай, тыныш отырайық та деген жоқ. Үш әйел сайлауға қатысып, халыққабиліктің ұрлықшы екенін көрсетіп, көшеге шығарып берді. Айтпақшы, олар «көшегешығыңдар» да деген жоқ. Көшеге шығу – әр адамның таңдауы.
9. Кейбіреулер белорустарды көшеге саяси мәселе емес,экономикалық, әлеуметтік мәселе шығарды деп түсіндіреді. Келіскім келмейді.Әрине, жұмыссыздық, жалақының аздығы, коронавирус т.б. билікке деген сыникөзқарасты қалыптастырады, бірақ олар емес, халықты әрқашан қоғамдағыәділетсіздік көтереді.
Дос КӨШІМ