Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшылары қатарына кірді
FIDE рейтингі бойынша Бибісара бес саты жоғарылап, үшінші орынға шықты.
Үздік қатарды Қытайлық Хоу Ифань бастап тұр, екінші орында – тағы бір қытайлық шахматшы, әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь.
Үздік бестікті ресейлік Екатерина Лагно мен Александра Горячкина толықтырды.
Айта кетейік, Қатар астанасы Дохада өткен әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық Бибісара Асаубаева керемет ойын өрнегін көрсетті.
Турнир барысында ол қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, чемпион атанды.
21 жастағы шахматшы шешуші партияда Украинаның өкілі Анна Музычукты жеңіп, алтын жүлдені еншіледі.
Осы жеңісімен Бибісара Асаубаева шахмат тарихында Қазақстаннан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы ретінде ел спортының шежіресіне өз атын жазды.
Сондай-ақ оны президент жеке құттықтады. Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтап, ІІ дәрежелі Барыс орденімен марапаттады.