Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:05

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турниріне алғашқы болып шақырту алды

Бибісара Асаубаева
Фото: gov.kz

Қазақстандық шахматшы, үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматтағы ең беделді жарыстардың бірі саналатын Norway Chess Women 2026 турниріне алғашқы болып шақырту алды.

Бұл туралы жарыстың ресми Instagram парақшасында хабарланды.

«Бибісара Асаубаева Ослоға жол тартады. Әйелдер арасындағы блиц шахматтан қазіргі әлем чемпионы Norway Chess Women 2026 турниріне қатысатын алғашқы ойыншы атанды», – делінген ресми хабарламада.

Norway Chess Women турнирі жыл сайын Норвегия астанасы Ослода өтіп, әлемнің ең мықты шахматшыларын жинайды. Бұл жарыс шахмат әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі ретінде танылған.

Бибісара Асаубаева – Қазақстан шахматының жарқын жұлдыздарының бірі. Ол әйелдер арасындағы блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанып, халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап келеді. Оның Norway Chess Women турниріне алғашқы болып шақырылуы қазақстандық шахмат үшін үлкен жетістік саналады.

Айта кетейік, Norway Chess Women 2026 турниріне қатысатын өзге шахматшылардың тізімі алдағы уақытта жарияланбақ.