Бүгін, 09:00
Бибісара Асаубаева үш дүркін әлем чемпионы атанды
Қатар астанасы Дохада өткен әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық Бибісара Асаубаева керемет ойын өрнегін көрсетті.
Турнир барысында ол қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, чемпион атанды.
21 жастағы шахматшы шешуші партияда Украинаның өкілі Анна Музычукты жеңіп, алтын жүлдені еншіледі.
Осы жеңісімен Бибісара Асаубаева шахмат тарихында Қазақстаннан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы ретінде ел спортының шежіресіне өз атын жазды.
Сондай-ақ оны президент жеке құттықтады. Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтап, ІІ дәрежелі Барыс орденімен марапаттады.