Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:19, 18 Маусым 2020

Билік митингіден өлердей қорқады, соны ұтымды пайдаланып кеткен кім?

  Айтпағымыз– Армениядан әкелінген автокөліктер туралы. Заңсыз екенін біле тұра, ертең елдетіркеуге қоюы тым қымбатқа түсетінін біле тұра, Қазақстанның бірталай азаматытәуекелге барды.

Олардың көбі кәдімгі алыпсатарлар. Халықтың шекарадан көліккіргізіп жатқанын көріп тұрған билік те үндемеді. Олардың да ішкі есебі болғаншығар, ертең салығын төлеттіріп аламыз деген. Мәселен, биыл жыл басында ішкіістер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қазақстанға Армениядан 22 мыңнанастам автокөлік әкелінгенін мәлім еткен еді.

 Бірақ жеме-жемге келгенде, қызық болды. Билікбасқа мемлекетте тіркелген көлікпен елде жүруге болмайды деді, салығын төлеп,заңдастыр деді. Армения көліктерінің арзандығына қызығып, сатып алған қазақтарсалық деп, тағы бір көліктің ақшасын бере салады деп, кім айтты? Армян көліктерініңиелері содан жер-жерде, әсіресе, автоцондардың маңайында митингілер ұйымдастырабастады. Әкетіп бара жатқан митинг емес, отыз, ары кетсе, жүз адам жиналатын.Әблязовтің айтағымен митингіге шығатын халықты қойша тиеп алып кететін полицияоларға онша тиіскен жоқ. «Армяндардың» митингісі күнде өтетін болған соң, билікзаңсыздықты қолдауға келісті. Сөйтіп, армениялық есепте тұрған автокөліктербіздің елде 1 маусымнан бастап, уақытша тіркеле бастады.

 Мемлекет аз-маз ақша төлеп, уақытша тіркеугетұруға мұрсат бере салды. Көлік иелері тек үш төлем жасауы тиіс: тіркеу алымы –695 теңге, төлқұжат үшін төленетін баж салығы – 3473 теңге, мемлекеттік нөмірүшін төленетін баж салығы – 7778 теңге. Нәтижесінде, 11 946 теңге төлеген соң,сары нөмір алып, ел аумағында еркін жүруге болады. Барлық алым-салықты толықтөлемей, машинаны Қазақстанда қайта тіркеуге мүмкіндік жоқ дейді. Бірақ олайқайта тіркету керек емес екені белгілі. Көлігіңді сата алмайсың, бірақөле-өлгенше пайдалана беруге болады. Уақытша тіркеу деген – аты ғана.

    Шындығына келгенде, билік митингіден үрейленіп,заңдастыра салды. «Заңды сендерге көрсетейін» деп, ереже бойынша төленуі тиіс ақшанытөлеттіре алмады. Автобөлшекке сатып жіберуге немесе Арменияға қайта өткізіпжіберуге мәжбүрлеуге бата алмады. Халықтың жағдайын түсіндік, мұңдарын естідікдейді. Шындығында, халық арасындағы ең пысықай, тәуекелге барғыш топтыңыңғайына жығылды.

      Рас, Қазақстан халқы қалаған көлігінеміне алмайды. Көлік нарығындатаңдау тым шектеулі. Ресейден, ары кетсе, Өзбекстаннан ғана ресми көлік келеді, өзің қалаған шетелдіңкөлігін сырттан алғызбайды. Бұл енді мемлекет басшылары деңгейіндегі әңгіме. Халық сол кезде шығуы керек еді митингіге. Ол істің болары ендіболып қойды. Осындай жабық нарықта көліктің құны, әрине, удай қымбат. Ең арзан деген жаңакөліктердің бағасына тағы сәл қоссаң, тіпті, үй алуға болады.

 Сонымен, тәуекелі зор күмәндітірлікке барам десе, бара салатын, заңның әрбір әрпіне қарап, оған мойынсынабермейтін пысық қазақтар ұтты, ақыры. Арзандау ақшаға жаңалау көлік иеленіпқалды, төтесін айтқанда. Пысық бола алмаған басқа қазақтармен бір жолды бөлісіпжүр енді.

  Соңғы жаңалықтар армениялық көлік иелері екіелге бірдей салық төлемеуі мүмкін дейді. Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанынадейін кіргізілген көліктерге қатысты шешім қабылданды. «Олар уақытша тіркеледіжәне салығы Қазақстанда төленеді» деп, мәлімдеді қаржы министрі ЕрұланЖұмабаев. Оның айтуынша, мұндай машина иелері Армения Республикасына салықтөлеуге міндеттелуі де мүмкін. Бірақ қазір Қазақстанның қаржы министрлігі елаумағында жүрген машиналардың салығын иелері одақтас елге төлемеу үшінармениялықтармен келіссөз жүргізуге кірісіпті.

Әділ АҚЫЛБАЙТЕГІ

Тегтер: