Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 30 Шілде 2020

Билік тамызда карантинде табыссыз қалғандарға 42500 теңгенің жартысын төлемек

None
None

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға, 2 тамыздан — 16 тамызға дейін созылады, одан кейін шектеу шаралары жұмсара бастайды.

Билік осы аралықта жұмыссыз қалғандарға 42500 теңгенің (шамамен 102 доллар) жартысын — 21250 теңге (шамамен 51 доллар) төлейді.

Бұл туралы 30 шілде күні вице-премьер Ералы Тоғжанов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдің брифингінде айтылды.

"Карантин ұзартылғаны үшін міндетті түрде төлем төленеді. Бірақ 42500 теңге соманың жартысы ғана — 21 250 теңге беріледі" деді Тоғжанов.

Бұған дейін карантин кезінде табыссыз қалған азаматтарға үкімет ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 42 500 теңгеден төлеген еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, шілдеде бұл қаржылай көмек 1,8 млн адамға берілген.

Билік 21250 теңге көмек қалай берілетінін алдағы күндері түсіндірмек.

Бұған дейін кейбір азаматтар мемлекет берген қаржылай көмектің мардымсыз екенін айтып шағымданған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: