Білім беру саласы автоматтандырылуда

Шымкентте білім беруұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау,аттестаттау мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық қатерін болдырмау мақсатындаавтоматтандырылған электрондық қызметтер көрсететін жобалар дайындалды.
Қалалық білім беру саласындағы 24мемлекеттік қызметтің 12-сі автоматтандырылған. Шымкент қаласы білімбасқармасының басшысы Жанат Тәжиева және арнайы мониторинг топтың мүшесі ӘсетӘссанди Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің«CALL» орталығында өткен онлайн тікелей эфирде осы тақырыпты жан-жақты тарқатыпайтып берді.
Осы уақытқа дейінбілім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінавтоматтандырды. Нәтижесінде, балабақшаларға жолдама алу және ауыстыру мәселесішешілді. Бір кездері бұл мәселеде сыбайлас жемқорлықтың болғаны белгілі.Шымкент қаласының әкімдігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіменбірлесе отырып, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінетөзбеушілікті қалыптастыру жоспарын іске асырудың арнайы жол картасын дайындады.Нәтижесінде, ашықтықты, тазалықты, айқындықты қалыптастыру мақсатындаавтоматтандырылған қызметке көшіру жоспарланды.