Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:43, 19 Сәуір 2021

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды

None
None

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 22 адам коронавирустан, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

19 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 620 адам короновирус инфекциясынан  емделуде, олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 674 адамның жағдайы ауыр, 176 адам өте ауыр жағдайда жатыр. 99 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Тегтер: