Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:15, 06 Тамыз 2020

Бір ұрлық екінші ұрлыққа жол ашпасына кім кепіл?!

          Қазалыда  пошта тонау сәнге айналған  ба?

     Біраз уақыт бұрын «Қазпошта» АҚ-ның Қызылорда облысы Қазалы ауданына  қарасты  Бекарыстан би ауылдық пошта байланысбөлімшесіне ұры түсті.

Ақша  ұрланды.Алайда ұрылар  ұсталмаған.  Болған оқиғаның  анық-қанығын білмекоймен құзырлы орындарға хат жолдадық. Көп ұзамай жолдаған хатымызға «Қазпошта»АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры А.Әбибуллаева қол қойған жауап келді.    

      Онда «2020 жылдың ақпанайының  7-сінен 8-іне қараған түнібелгісіз тұлғалар «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы Қазалы аудандықпошта байланыс торабының Бекарыстан би ауылдық пошта  байланыс бөлімшесінің терезесі арқылы поштабөлімшесіне кіріп, бөлімшеде орналасқан сейфтің есігін бұзу арқылы «Қазпошта»АҚ-ның 1 115 416 теңгесін ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалапкеткен.       Бұдан бөлек, 2020 жылдыңақпан айының 7-сінен 8-іне қараған түні белгісіз тұлғалар  Қызылорда ОФ Қазалы АПБТ Жанқожа батыр АПББорналасқан ғимаратының дәліздегі терезесін сындыру арқылы ғимаратқа кіріп, ғимараттаорналасқан пошта бөлімшесінің есігінің құлпын бұзу арқылы бөлімшеге кіріп,бөлімшедегі сейфтің есігін бұзуға әрекет жасаған. Алайда белгісіз тұлғаларойларын жүзеге асыра алмағандықтан, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.Оқиға болған жерлерге Қазалы аудандық полиция бөлімінің  тергеу-оперативтік тобы (бұдан әрі – ҚазалыАПБ) келіп қарау жүргізген. 8.02.2020 жылы ұрлық фактілері бойынша Қазалы АПБҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық  іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерубарысында қылмыстық  құқық бұзушылықжасаған адамдар анықталмауына байланысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексерумерзімдері үзілген. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша өз міндеттеріненемқұрайдылықпен қарағандары және ішкі нормативтік құжат талаптарын бұзуға жолбергендері үшін тәртіптік шара ретінде Қазалы АПБ бастығы Ж.Нурбаевқа және оныңорынбасары А.Қуандыққа сөгіс, Бекарыстан би АПБ бастығы Р.Тілеуқұловқа  және Жаңқожа батыр АПБ бастығы А.Нұрғалиға қатаңсөгіс жарияланған» деп жазылыпты.                

Білуімізше, Қазалы АПБ бастығы Жайлаубай Нурбаев («Қазпошта»АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорынан келген жауап хатта аты-жөні осылайжазылыпты) аталмыш  салада тәжірибесі моладам. Қазалы АПБ бастығы лауазымын  атқарады. Аз уақыт емес. Осындайда біліктібасшы  басқарған  АПБ-да жоғарыдағы жауап хатта айтылғандай,«өз міндеттеріне немқұрайдылықпен қарағандары және ішкі нормативтік құжатталаптарын бұзуға  жол бергендері үшін»деген сөз құлаққа тосын естіледі екен. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқболмайды. Дегенмен сала жұмысына қанық, тәжірибесі мол адамдар мұндайға қалайшажол берді екен деп тағы қынжыласың.

Енді Қызылорда облысының полиция департаментінен келген(4.07.2020ж 1-4-3/4271) жауап хатқа да назар аударсақ. Аталмыш жауап хаттажоғарыда болған оқиғаның (7.02.2020ж) мән-жайы ұғынықты баяндалыпты. Сондай-ақтөмендегі мына дерек те оқырманның көңілін елең еткізері анық. Онда «2018жылдың 10 желтоқсанында Бекарыстан би ауылы, Тілеубаев көшесі №18 «А» мекенжайдаорналасқан «Қазпочта» АҚ-ның Қазалы аудандық пошта байланыс торабында (редакцияғакелген жауап хатта дәл осылай деп жазылған) орын алған оқиғаға байланысты ҚР ҚК188-бабы 2-бөлігінің 1-ші, 3-тармақтарымен (ескі редакция) адамдар тобының  алдын ала сөз байласуы арқылы қызметтік үй-жайғазаңсыз кірумен жасалған ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқадейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне №184344031000611 қылмыстық істіркеліп, тергеп-тексеру нәтижесімен аталған оқиғада қылмыстық құқық бұзушылық  құрамы болмауына байланысты ҚРҚылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағының талабына сәйкес,өндірістен тоқтатылып, қабылданған шешім Қазалы аудандық прокуратурасыменкелісілгенін хабарлаймын» делінген. Демек, аталған Бекарыстан би ауылындағыпошта үйіне биылғы ақпан айынан бөлек, 2018 жылдың 10 желтоқсанында да ұрытүскен болып тұр ғой.                                         

Оған ешқандай таласымыз жоқ. Алайда біздің де санамыздасан сауал қылаң берді. Жоғарыдағы оқиғалардың барысына қарап ұрылардың«Қазпошта» ғимараттарын  торитынын аңғаруқиынға соқпайды.  Мұның себебі недежатыр? Мәселен, Жанқожа батыр ауылы Бекарыстан би ауылынан қашық орналасқан.Десе де, бір түнде екі ауылда да ұрлық жасалған. Абырой болғанда, батыр бабаауылында суық қолды сұғанақтар оңай олжаға кенелмепті. Сонда екі ұрлықтыңбір-бірімен байланысты болғаны ма? Жарайды, жауапты  тұлғаларға тәртіптік шара берілді делік.Бірақ оларға берілген сөгіс, қатаң сөгіс келесі жолы ұрлықтың жасалмауынатосқауыл болса жақсы. Жоғарыда айтылғандай, «тергеп-тексеру барысында қылмыстыққұқық бұзушылық жасаған адамдар анықталмауына байланысты қылмыстық істің сотқадейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілгені» ұрылардың өздерін ұсталмастайкөріп, еркін сезінуін туындатпасына кім кепіл болады? Оған қоса, миллиондағантұрғыны бар алып қала емес, шағын ауылда қылмыстық құқық бұзушылық жасағанадамдардың анықталмауы да көңілге кірбің ұялатады. Бәлкім, қолды болғанқаражаттың орны толған да шығар. Әрине, адамның амандығына еш нәрсе жетпейтінібасы ашық жайт. Дегенмен халқымыздың «Өзіңе-өзің бекем бол, көршіңді ұры тұтпа»деген даналық лебізін ескеру керек.

Миуа БАЙНАЗАРОВА,  Қызылорда

Тегтер: