Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:58, 12 Наурыз 2021

Бірінші орынбасар үшін мемлекеттік тіл екінші орында ма?

None
None

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев бүгін (12 наурыз) сағат 15-00 де Nurotan партиясының жергілікті ғимаратында (Өскемен қаласы, Қ.

Қайсенов көшесі)  қоғамдық қабылдау өткізбек. Даниал Кенжетайұлынан кейінгі «дөкейдің» азаматтарды жеке сұрақтары  бойынша қабылдайтыны туралы облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Маржан Бахытқызы өзінің «Фейсбук» әлеуметтік желісінде хабарлады.

Жөн-ақ делік. Лауазымды тұлғаның қарапайым қоғамдық қабылдауын оның міндеті деп түсінуге болады. Алайда, оның осыған қатысты хабарландыруын берген «Nur Оtan» партиясының ресми тілдегі нұсқасын алдымен, мемлекеттік тілдегі нұсқасын екінші орынға ысырғанын қалай түсінуге болады?! Қашан да өздерін «нақты істер партиясы» ретінде жарнамалауға келгенде алдына жан салмайтын билік партиясы үшін қазақ тілінің қадірі жоқ болғаны ғой.

Бұған Алмасхан Сматлаевтың қатысы жоқ болған күннің өзінде хабарландырудың қос тілдегі нұсқасы тап қазір көз алдында тұрғанына шүбә жоқ.

Демек, облыс әкімі Даниал Ахметов ел ішінде жүргенде қазақша бір кісідей жатық сөйлеп жүргенде, бірінші орынбасарының ана тіліне деген мұндай «мүшкіл» көзқарасынан бейхабар  болуы әбден мүмкін. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі А. Сматлаевтың түстен кейін өтетін кездесуінің қазақ тіліндегі нұсқасын аударып салса да, алдымен көрсетер деп үміттенгеннен өзге әзірге қайыр жоқ.

Тегтер: