Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:10, 02 Наурыз 2020

Бішкекте саясаткер Садыр Жапаровқа бостандық талап еткен митинг өтіп жатыр

None
None

2 наурызда Бішкектің орталық алаңына жүздеген адам митингіге шығып, қырғыз саясаткері Садыр Жапаровты бостандыққа шығаруды талап етті.

2017 жылы парламенттің бұрынғы депутаты Садыр Жапаровты 11 жылға соттаған. Оған 2013 жылы Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен Қарақол қаласындағы митингіні қаржыландырды және кепілдікке адам алды деген айып тағылған. Жапаров сотта "бұл айыптың саяси астары бар" деп санайтынын мәлімдеген.

2019 жылдың сәуірінде Қырғызстан Жоғарғы соты Жапаровқа берілген жазаны азайтып, 10 жылға бас бостандығынан айырған. Жапаров қараша айында Қырғызстан президентінен рақымшылық сұрады.

— Наразылыққа шыққандың бір тобы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездестіруді талап етіп кетті, бірақ оларды мемлекет басшысы қабылдай ма, жоқ па белгісіз,- деп жазады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Митингі ұйымдастырушылар талаптары орындалмайынша тарқамайтынын айтады. Жапаров таяуда өзін қолдаушыларға хат жазып, "митингіге шығып, арандап қалмауға" шақырған.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: