Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:26, 17 Сәуір 2019

Бішкектегі «Ұлы Жібек жолы» көрмесінде Қазақстан күндері өтіп жатыр

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» интерактивті көрмесінде Қазақстанның мәдениеті мен тұрмысына арналған бұрыш та келушілерге қызмет көрсетіп тұр.

Бішкектегі Г.Айтиев атындағы Бейнелеу өнері музейінде қазір күнде қарбалас. Жібек жолы бойындағы елдер мен қалалардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау және ұлы сауда жолының Орталық Азия елдері үшін маңызын көрсету мақсатында өтіп жатқан ұзақ уақытқа жоспарланған көрмеге келушілер қатары аз емес.

Осы көрме аясында қазір Қазақстан күндері аталып өтуде.

Көрменітамашалаушылар Қазақстан бұрышын жай ғана тамашалап қана қоймай, Қазақстантуралы көрмені ұйымдастырушылардан сұрап біліп, өздерін қызықтырған сұрақтарғажауап алуға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қазақстан тарапы өзінің дәстүрін,салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін насихаттаса, тамашалаушылар Ұлы Жібек жолыбойындағы елдердің бірі қазіргі Қазақстан ғана емес, ежелгі Қазақ жері туралы,ондағы көшпенділердің тарихы туралы біліп қайтты деуге болады.

Көрменің тағы біререкшелігі – қырғыз суретшісі Сапарбай Осмоналиевтің бастамашылығымен қазақстанастанасы – Елорданың көрікті орындарын бейнелеу бойынша шеберлік сабақтарұйымдастырылуы. Көрмеге келушілер үшін ұйымдастырылған бұл шеберлік сабағынакез келген қызығушы қатыса алады. Ал, оны ұйымдастырушы Осмоналиев бұлтақырыпта біраз сурет салған суретші, ол тіпті, Қазақстанның «Құрмет» орденіменмарпапатталған.

Жалпы, көрмеаясындағы Қазақстан күндері жан-жақты өтіп жатыр деп бағалауға болады. Өйткені,жоғарыда айтылғандардан бөлек көрменің ең жас қатысушылары үшін қазақ тіліндегі«Ер Төстік» мультфильмі көрсетілсе, оған қосымшы көрермен назарына қазақстандықфильмдер ұсынылды. Тағы бір айта кетер ерекшелігі – Абай өлеңдерін оқуғаарналған шара. Сонымен қатар, қазақ ұлттық ойындарының ережелері мен тарихытаныстырылды. Келушілер ойын туралы мағлұмат алғаннан кейін қызығушылыптанытып, ойнап көруге де мүмкіндік алды.

Көрермендердің еңкөбірек қызығушылық танытқандары — «Рухани жаңғыру» викториналық ойыны болды. Оларвикторина аясындағы сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндікалды. Көрме ачсында Қазақстан атынан Жамбыл облыстық «Алатау» фольклорлықансамблі өнер көрсетті.

Қалай дегенде де,қатар жатқан екі ел ­– Қазақ-Қырғыздың тарихы мен тұрмысында, өмір сүрусалтында ұқсастықтар аз емес. Бұл көрме соны тағы бір дәлелдеді деуге болады.Көрме тамашалаушылары да осыны айтады. Ұлттық тағамдардан дәм татып көрген соң,тіпті, тұтынатын тағамдарының дәмі де ұқсас екенін атап өтті. Ал, мәдениеті менөнері ежелден-ақ үндес, сарындас екені белгілі.

Қазақстаннан бөлек,Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Қытай, Үндістан, Иран, Түркия,Моңғолия, Жапония, Оңтүстік Корея, Пәкістан сияқты елдер қатысып жатқан көрмегекелушілер күтпеген экспонаттар мен ерекше дәстүрлердің куәсі болып жатқандарынайтады.

Фото: inform.kz

Тегтер: