Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:10, 17 Қараша 2023

Бишімбаев ісі: мейрамхана өкілдері күтпеген мәлімдеме жасады

ВАU
Фото: из открытых источников

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі қаза тапқан Астанадағы "BAU" мейрамханасының өкілдері мәлімдеме жасады.

"BAU мейрамхана аймағында болған қайғылы жағдайға өкінеміз және Салтанат Нүкенованың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Болған жайтқа қатты таңғалдық. Дегенмен "Гастроорталық" басшылығы мен қызметкерлері тергеу амалдарына көмек қолын созып жүр. Қоғамның пікірін толық қолдаймыз: зорлыққа жол жоқ", - дейді мейрамхана өкілдері.

Өкілдердің сөзінше, аталған оқиғадан кейін "Гастроорталыққа" жаңа директор тағайындалып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

"Құрылтайшылардың бірауыздан шешімімен "BAU" мейрамханасының иелерімен жалдау шарты бұзылды. "Гастроорталыққа" жаңа директор тағайындалды. "Гастроорталықты" күзету жөніндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады: күзет қызметтерін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

30-ға жуық қоғамдық тамақтандыру орындары жалға берілген "Гастроорталық" ғимараты «EZy Park» ЖШС-не тиесілі. Компанияның құрылтайшылары арасында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова да бар.

Еске салайық, Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Ол әйелін өлтірді деген күдікке ілінген болатын.