Бишімбаев ісінде тергеушілер неге ауысып жатыр – Қожаев жауап берді
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Ондай мәлімет жариялауға жатпайды. Бірінші күні оқиға орнына кезекші тергеу тобы жіберіледі. Ертеңінде тергеу басқа маманға тапсырылуы мүмкін. Сондықтан осындай мәлімет тарап жатқан шығар.Қайталап айматын. Бірінші күні оқиға орнына арнайы топ шығады. Одан кейін (іс) арнайы бір адамға тапсырылады. Оның жанында тағы тергеушілер болады. (Қылмыстық істі) жалғыз бір адам тергемейді, топ болып тергеуі мүмкін», - деді Қожаев.
Қожаев сот медициналық сараптамасының әдетте бір ай жүргізілетінін, сондай-ақ қанша тергеуші ауысқанын жарияламайтынын айтты.
«Өздеріңіз естіп жатырсыздар, бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соның нәтижесінде кім қандай жауапқа тартылады, (оның кінәсі) анықталады.