Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:00, 14 Қараша 2023

Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды

Бишімбаев
Фото: из открытых источников

Экс-министр Бишімбаевтың қатысуымен орын алған қылмыстық іске «Гастро-орталық» директорының екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды», - делінген ПД хабарламасында.

Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодекснің 432-бабы бойынша күдікке ілінді.

«Қазіргі кезде тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болған. Бұған дейін ол аса ірі көлемде пара алу және ақша жымқыру әрекетін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жазасын өтеген.