Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:46, 11 Сәуір 2024

Бишімбаевтың қорғаушысы судьяға қарсылық білдіретіндерін мәлімдеді

а
Фото: из открытых источников

Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында қорғаушы тарап төрағалық етуші судья Айжан Құлбаеваға қарсылық білдіретіндерін мәлімдеді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, қарсылық білдіруді сол соттың судьясы С.Тасымбетов алқабилер мен судья Құлбаеваның қатысуынсыз қарады. Қарсылық білдіруді қарау нәтижелері бойынша соттың қаулысымен қорғаушы тарап берген судьяға қарсылық білдіру қанағаттандырусыз қалдырылды. Істі қарау қайта жалғасты, делінген Сот хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында 2 куәдан жауап алынды. Әрі қарай сот қылмыстық іс материалдарын зерттеуге көшіп, оның ішінде оқиға орнынан фото-бейне материалдарды көрсету, тексеру хаттамалары мен хат алмасуларын жариялау арқылы жалғасты.

Фото: Жоғарғы сот

 

 

Тегтер: