16:25, 07 Желтоқсан 2023
БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға орын алды, салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Оқиға бүгін 7 желтоқсанда таңғы сағат 08:15 шамасында Жәнібек ауданына қарасты «Көлтабан» ауылдық округінен 10 шақырым қашықта болған.
«Тойота Камри» маркалы автокөліктің 1993 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған автокөліктің 1940, 1945 және 1970 жылдары туған жолаушылары оқиға орнында қаза болды. Автокөліктің жүргізушісі мен 1992 жылы туған жолаушысы түрлі жарақатпен Жәнібек ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болуды ескертеді.