Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:41

Блогер Жанабыловтар курс сатудан шамамен 250 млн теңге табыс тапқан

Жанабыловтар
Фото: ашық дереккөз

Сотталушылардың адвокаты Гаухар Айтжанованың мәліметінше, Жанабыловтар отбасының «ZhanaBusiness» ЖШС-і 2025 жылдың тамыз айынан бері 10 млн теңгеден астам салық төлеген.

Оның айтуынша, осы кезеңде компанияның Kaspi Bank-тегі депозиттік шотына шамамен 60 млн теңге түскен. Тергеу тек 560 501 теңгені ықтимал заңсыз кірісті заңдастыру ретінде қарастырып отыр.

Сонымен қатар адвокаттың сөзінше, интернет-порталдармен жұмыс істеуді үйрететін курстарды сатудан түскен жалпы табыс 21 тамыз бен 17 қараша аралығында 246,6 млн теңгені құраған.