Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:20, 17 Сәуір 2019

Бокстан Азия чемпионаты басталды

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы кеше Таиланд астанасы Бангкок қаласына келді.

Мұнда бүгін Азия чемпионаты басталады.

Құрлық додасы 17-28 сәуір аралығында өтеді. Ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымбек КенжебаевТатами шаршы алаңында мына боксшыларға сенім артады: ТеміртасЖүсіпов (49 келі), Әнуар Мұзапаров (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), ЗәкірСафиуллин (60 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі),Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі), Василий Левит (91 келі)және Қамшыбек Қоңқабаев (+ 91 келі).

«Азиячемпионаты қарсаңында боксшылардың барлығына үлкен міндет қойып отырмыз. Барлықсалмақта да жүлдеге таласатын боламыз. Турнир алдында Алматыда қысқамерзімдіоқу-жаттығу жиыны өткіздік. Бәрі сәтімен өтіп жатса, құрлық додасынан жүлдесізқалмаймыз деген ойдамын. Азиядағы бокстың қарқыны жоғары екенін білесіздер.Бізге Өзбекстан, Таиланд, Үндістан, Филиппин спортшылары басты қарсыласатанбақ. Сары құрлық сынында әлем чемпионатына жолдама жеңіп алуға тырысамыз», –  дейді басбапкер Ғалымбек Кенжебаев. 

Оның айтуынша, ұлттық құрама боксшылары Азия чемпионатынабірнеше халықаралық додаларға қатысқан. Спортшылардың барлығы өздерініңбаптарында. Сары құрлық додасынан кейін боксшылар Қазақстан спартакиадасынақатысады екен.

«АлдаҚазақстан Спартакиадасы мен өзге дежарыстар бар. Ұлттық құрамаға әлем чемпионаттары менжасөспірімдер Олимпиадасында бақ сынаған жастар қосылды. Жас спортшылардыңбуыны қатайып келеді. Жақын арада тісқаққан боксшылардың ізін басатын да солар.Азия чемпионатында көптеген басы ашық сауалдарға жауап аламыз. Тіпті, буыналмасу кезеңі де өтуі мүмкін. ТаиландқаҚазақстан чемпиондары аттанды. Бапкерлер кеңесі ақылдаса келе, оларға тағы бірмүмкіндік беруді жөн көріп отыр. Осы жарыс қорытындысы бойынша біз лицензиялықтурнирлерге кімдердің қатысатынын анықтаймыз»,– дейді бас бапкер.

Қазақстан құрамасының басты қарсыластарыбірінші кезекте Өзбекстан құрамасы екені сөзсіз. Өйткені, соңғы жылдардың көршіелдің жігіттеріне есеміз жиі кетіп жүр. Олимпиада, әлем чемпионаты мен Азиячемпионатында жағдайымыздәл солай болды. Бұл жолы Қазақстан боксшылары 2013 жылғы жетістікті қайталап,командалық есепте бірінші орын алады деп үміттенеміз.

«Еңбасты қарсыластарымыз – Өзбекстан мен шаршы алаң қожайыны саналатын Таиландбоксшылары. Оларөз жеріндеүнемі жақсы бокс көрсетеді. Одан бөлек, әлем чемпионаттары мен Олимпиадаойындарынан міндетті түрде медаль алып жүр. Үндістан мен Қытай боксшыларын даесептен шығаруға болмайды. Жалпы алғанда, қазір сары құрлықтағы бокс деңгейіөте жоғары. 2020 жылы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Жапония боксшыларының дадеңгейі биік. Олардың өте жақсы дайындалып жатқаны байқалады. Оңтүстік жәнеСолтүстік Корея, Моңғолия, Филиппин боксшылары да алға басып келеді. Сондықтан,бұл Азия чемпионататы қызық болары сөзсіз», – дейдіҒалымбек Кенжебаев. 

Ал әйелдер құрамасының басбапкері Вадим Присяжнюк мына аруларға сенім артады:Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі),Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі),Дариға Шәкімова (69 келі), Ақерке Бахытжан (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі)және Ләззат Күңгейбаева (+81 келі).

«Құрлық додасынан бір алтын, бір күміс және бір қола жеңіп алсақ деген мақсатымыз бар. Негізгі қарсыластарымыз – Қытай мен Солтүстік Корея. Қытайдың соңғы әлем чемпионатында төрт алтын иеленгенін білесіздер. Шаршы алаң иесі саналатын Тайланд қыздарын да есептен шығаруға болмайды. Десе де, біз медаль үшін барымызды саламыз», – дейді бас бапкер. 

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер: