Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:44, 23 Сәуір 2019

Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына 11 боксшы шықты

Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық сайыстары аяқталды.

Ерлерден 7 боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. Әйелдерден 4 боксшымыз жарысты жалғастырады.

Еліміздің 5 дүркін чемпионы, ең жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов ширекфиналда Филиппин елінен келген Рамель Макадоны жеңді. Қазіргікезде Теміртастың қоржынында кем дегенде қола медаль бар.

Ал 52 және 56 келіде ел намысын қорғаған боксшыларымыз жарыстан шығыпқалды. Мысалы, 52 келідегі Әнуар Мұзапаров үшінқұрлық додасы аяқталды. Ол қырғызсатндық тәжірибелі боксшы Азат Үсенәлиевке жолберді. 2017 жылы Германияда әлем чемпионы атанған Қайрат Ералиевті ширекфиналда үндістандық Кавиндер Сингх Бишт тоқтатты.

Қазақстанқұрамасындағы ардагер боксшылардың бірі Зәкір Сафиуллин (60 келі) жартылайфиналға алқынбай жетті. Шымкенттік боксшы ширек финалда қытайлық Цзюнь Шанды үйіне қайтарды.

64 келіде өнер көрсететін 19 жастағы Санатәлі Төлтаев та жарыстыжалғастырушылар қатарында. Ол ¼ финалда Иранның боксшысы Магхсуди Мал Амиридіжеңді.

Санатәлі ересектер арасындағыАзия чемпионатына алғаш рет қатысып отыр.Әйтпесе, 2017 жылы жастар арасындағы құрлық біріншілігінде топ жарғаны бар.

«Қазақтың салмағы» саналатын 69 келіде Асланбек Шымбергеновке сенімартылған болатын. Өкінішке қарай, Шымбергенов ширек финалда өзбек боксшысынажол берді.

Бобо-Усмон Батыровпен кездесу барысында төрешілершешімімен жекпе-жек тоқтатылды. Оған Шымбергеновтің қабағы жарылып кеткенісебеп болды. Кездесу тоқтатылған кезде төрешілер есебі бойынша Батыровалда  болған. 

Есесіне, 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет қуантты.Қызылордалық боксшының да қарсыласы өзбек болатын. Бұған дейін кәсіпқой бокстаекі бірдей жекпе-жек өткізіп үлгерген Исраил Мадримовтың «Монстр» деген лақапаты бар. Соған қарамастан Құлахмет атақты қарсыласынан басым түсті.

Бекзат Саттархановтың жерлесі, 20 жастағы Бек Нұрмағанбетөзінің алғашқы Азия чемпионатында жартылай финалға шықты. Ол кеше өзбекстандықДілшодбек Рухметовтің осал тұсын тапты.

Қазақстан құрамасының сапында жалғыз Олимпиадаойындарының жүлдегері Василий Левит (91 келі) ширек финалда Ирактан келгенСаади Мохаммед Рабеаны қапы қалдырып, келесі кезеңге өтті.

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев төрешілердіңшешімімен  Иордания боксшысы Одай Альхивдавиді ұтты.

Осылайша, ерлер арасында жеті боксшымызжартылай финалда жұдырықтасатын болады. Кем дегенде Қазақстан құрамасында жетіқола медаль бар.

Ал әйелдер арасында Алуа Балкибекова (48келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54келі), Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Ақерке Бақытжан(75 келі) құрлық бәсекесінде жүлдесіз қалды. Екі дүркін әлем чемпионы НазымҚызайбай мен 2016 жылғы әлем чемпионы Дина Жоламанның жарысты ерте аяқтағаныөкінішті.

Есесіне, Милана Сафронова(64 келі) Дариға Шәкімова (69 келі) Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күңгейбаева( 81 келіден жоғары)  Азия чемпионатыныңжартылай финалына жолдама алды.

Енді жартылай финалдың кездесулері 25 сәуірге жоспарланған. Алжеңімпаздардың есімін 26 сәуірде білетін боламыз.

Фотолар автордікі.

Тегтер: