Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:28, 13 Желтоқсан 2022

Бөлекпаев бөлек бола ала ма?

None
None

Қарағанды облысындағы соңғы аптада елдің ойын сан-саққа жүгірткен  биліктегі ауыс-түйіс әйтеуір аяқталды.

2019 жылдың маусым айынан бастап Қарағанды облысын басқарған Жеңіс Қасымбектің мемлекеттік қызметте жеңісі көп болды ма кім білсін, өткен аптада Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды. Қарағанды облысының тумасы Ермағанбет Бөлекпаев 2020 жылдан бері Қарағанды қаласының әкімі болып қызмет атқарып келе жатқан. Енді облыс тұрғындары аймақтың тізгінін ұстаған Бөлекпаевтың орны бөлек болар ма екен деп үміт күтіп отыр. Президент Қарағанды облысын басқаруға екі кандидат ұсынған екен, соның бірі осы Бөлекпаев болса, екіншісі мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасының бастығы Сержан Аймақов. Облыстық мәслихат депутаттары ашық түрдегі дауыс беру барысында облысқа басшылық ететін әкімді сайлады. Депутаттардың 138-і Бөлекпаевты қолдаса, қырық депутат Аймақовқа дауыс берген.

Енді, Бөлекпаевтың халыққа қаншалықты жақын әкім болатынын уақыт көрсетеді. Дегенмен Бөлекпаев Қарағанды қаласының әкімі болып қызмет еткен кезде сан мәрте сынға қалған. Коммуналдық салада талай түйткілді мәселе кездескен. Көбінесе қыста қардың уақытында тазаланбауы, жазда гүл көшеттерінің уақытында отырғызылмауы тәрізді жұмыстардың жүйелі болмауы әкімге мін болып тағылған болатын. Сонымен қатар, көктемде  қаланың кейбір аудандарын еріген қар суы басқан кезде қала әкімі суағарлар мен кәріз құдықтарын бір жүйеге келтіріп, реттейтін болған еді.

Енді, әкімдер ауысқанда уәде етілген жұмыстың аяқсыз қалмасына кім кепіл. Алайда күдігі бар халықтың жаңадан сайланып жатқан әкімқаралардан үміттері де бар. Ал Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Мейрам Кожухов қала әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Тегтер: