Бөрібай көтерілісі: Ақсудағы азаттық арпалысына 90 жыл

Кешегі нәубаттөнген қасіретті заманда аталарымыз аруақты бабамыз Бөрібай батырдың атынадақтап, ел ұранына айналдырып, көтеріліске шыққан-ды.
Бұл ел-жұрт арасында«Бөрібай көтерілісі» деп аталып кеткен тарихи ірі толқу еді.
Адамзаттың қаныменорнатылған қызыл үкіметтің қасіреті қазақтың қабырғасына қатты батты. Аямайжаншыды. Совет үкіметінің қолдан жасаған қиянаты ұлт тарихының қаралы да, азалыбеті екені бүгінде ащы шындыққа айналды.1928 жылдың қазанында қазақтың ірібайларының дүние-мүлкі, байлығы талан-таражға түсіп, тәркіленеді. Қапал-Ақсуөңіріндегі еліміздің қамқоры болған дәулетті азаматтарды лек-легімен айдап,түрмеге қамап, байлықтарын талап жатқанда, қараша жұрттың «шығысы батысқа,батысы шығысқа» айналыпты. Аңыз да емес, ертегі де емес, арғы аталарымыз көргеназап, тартқан қасірет еді.
«Бөрібайкөтерілісі» деп ұлы тарих жылнамасына жазылып қалған қанды қырғын советбилігіне қарсы жүргізілген ұлт-азаттық күрес-ті. Саяси ауқымы зор, қоғамдық ірікүрес. 1930 жылдың наурыз, көкек айларында ашынған ел Қазақстандағы Голощекинбилігіне, советтік жүйенің орнауына қарсылық танытып, еркек кіндіктінің бәріатқа қоныпты. Көтеріліске шыққан ер азаматтар даңқты бабамыз, қазақ-жоңғар соғысыныңқайраткері, халық батыры Бөрібайдың есімін ұранға алып, түн құшағында жатқанәскер бекінісін басып алады. Қарсы шыққандарын атып, еріксіз берілгендерінтүрмеге қамап, тұтқынға алыпты. Әскерлердің қару-жарақтарын тартып алып,большевиктерді тергеуге алып, зәре құттарын қашырады. «Бөрібай! Бөрібай!Бөрібай!» деп ұрандағанда, аруағы шалқар қасиетті бабаның рухы қолдап,ерлеріміз асқақтап, мысы ойнап, орыстарды да, өзіміздің жағымпаз шолақбелсенділерді де әбден қорқытқан екен. Көнекөз ақсақалдардан жеткен дереккесүйенсек, Бөрібай көтерілісі Талдықорған, Қапал, Арасан, Ақсу, Қопа, Сүттіген,Беспай, Ақешкі, Қоңыр аймақтарын түгелімен қамтыпты. Көтерілісті басуға, рухтыерлерді жаншуға Талдықорған, Қапал қалаларынан әскерлер мен жергілікті казак-орыстарданқұралған Голых, Кошкаров басқарған қызыл гвардиялар Ақсу аймағына келіпті. Екіжақты тартыс, дүрбелең толқу екі-үш аптаға созылыпты. Біресе Бөрібайшылдаржеңеді, енді бірде қызылдар жеңеді. Итжығыс халде шарпысады. Ақырында, зеңбірекпен оқ-дәрісі мол қызыл гвардия өкілдері көтерілісті жаншып, басады. Оқ-қаруыаз, әскери дайындығы шамалы қара жұрт ұлттық намыс пен азаттық жолында нағызбатырларша күресіп, тіресіпті.
Жан беріп, жаналысқан алапат шайқастардың қаһарманы болған баһадүр Бөрібай батыр Сарыұлыныңесімі – бүткіл Найман табының ұранына айналғанын білген совет билігікөтеріліске қатысқан барлық «бөрібайшылдарды» атуға, есімдерін ұмыттыруғабұйрық беріпті. «Шаш ал десе, бас алуға» даяр тұратын жағымпаздар бұйрықты солсәтте-ақ орындап, азаттық тілегендерді түгелімен о дүниеге аттандырыпты. Ғапылдүние – ай!
Совет үкіметініңқандықол билігіне қарсы соққы болған Бөрібай көтерілісі зор күшпен жаншылғансоң, 1930 жылдың 17 желтоқсанында Ақсу ауданы құрылып, жасақталады. «Мал да,жан да ортақ» деген ұраншылдық жүзеге асып, ұжымдастыру саясаты қарқындыорындала бастаған-ды.
Ақиқатында, Бөрібайкөтерілісіне қатысқан ерлердің бәрі – «тістегенжерде – тісім, ұстаған жерде – қолым кетсін» дейтін тізесінен қан келсе де,қаймықпаған күрескерлер еді. Сол көтерілістің жуан ортасында жүріп, шаһидкеткен Өмірбек, Тұрсын, Мұқан, Қанатбек сынды қабылан ерлердің есімін жаңғырту,ерліктеріне лайықты баға беру, рухтарына шынайы құрмет көрсету – елдік міндет, ұрпақтық парыз саналады.Советтік идеология қыспағында «бандит», «баскесер» атанып, есімдерікөмескіленіп, ұрпақтары айдауда өтіп, баз кешкен Өмірбек, Тұрсын, Мұқан,Қанатбек бастаған тағы басқа азаттық тілегендердің нақты тізімін жасап, ғұмырбаяндықдеректерін жинастырып, оқырманға дәріптесек, тарихи олқылықтың орны толар еді.
Бар қазақ Баба депатаған, ұлт-азаттық күресі жолында есімі ұранға айналған халық батыры БөрібайСарыұлының есімін жаңғыртып, тұғырын тіктеуге ниет танытып жүрген жерлесбауырымыз Берікбол Қасымовтың игілікті бастамасына тілекшіміз. Даңқтыбабамыздың еңселі ескерткіші айбат беріп, рух беріп тоғыз жолдың биігінде тұруы– елдікке, ерлікке жол ашып, шекарамыздышегендеуге, тәуелсіздігімізді бекем етуге қызмет етеді. Қайраткер бабамыздыңескерткіші Бөрібай көтерілісінің тоқсан жылдық мерейтойы аясында ашылса, тарихкүнпарағына жазылатын ұлы оқиға болмақшы.
Баба ескерткіші 2020жылдың 31 мамыр – ашаршылық және саясиқуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде ашылса және көп болып ел бостандығымен азаттығы үшін құрбан болған ерлердің рухына құран бағыштап, дұға етсек,тәлімі мен тағылымы мол рухани шара болары сөзсіз анық. Біздікі – әрине ұсыныс,өткенді еске салу ғана. Егер, Ақсу ауданының, Алматы облысының әкімдігіұсынысымызды қабыл алуға ниетті болса, 2020 жылы Жансүгір кентінде көтерілістіңтоқсан жылдығына арнап алқалы ғылыми жиын ұйымдастыру ісінде белсенділіктанытып, төл тарихымызды ұлттық сана негізінде жазуға кірісер едік.
Бір сөзбенайтқанда, «Бөрібай көтерілісі» – азаттық аңсаған ұлы мұраттарымыздың бірмүддеге негізделген ұлттық мінезі, бұлқынысы. Күшпен, қысыммен орнатылғанауданнан (советтік билік жүйесі) гөрі бабаларымыздың қаны сіңген, тағдырыталқыға түскен көтеріліс қымбат әрі қадірлі.
Фото: szfo.narzur.ru