Бразилия президенті Қазандағы БРИКС саммитіне бармайды
Бразилия президентінің кеңсесі таратқан мәлімет бойынша, Луис Инасио Лула да Силваның саммитке жергілікті уақыт бойынша жексенбі күні түстен кейін ұшуы керек еді (саммит сейсенбіде басталады). Бірақ ол резиденциясында құлап, басын желке тұсынан жарақаттап алған. Оны ауруханадағы дәрігерлер тексеріп, президентті ауруханаға жатқызбауға шешім қабылдады.
Алайда 78 жастағы президентке ауруханадан өз міндеттерін атқара алатындығы туралы анықтама қоса берілген, бірақ оған алысқа ұшудан уақытша бас тарту керектігі айтылған.
БРИКС саммиті Ресейдің Украинаға шабуылынан кейінгі ең үлкен халықаралық кездесу болуы керек еді. БАҚ өкілдері Ресей БРИКС-ке қатысу арқылы Батыстың оны дипломатиялық тұрғыдан оқшаулау әрекеті сәтсіз аяқталды дегенді дәлелдегісі келетінін айтады. Ал, Лула Украинаға әскери қолдау көрсетуден бас тартқан саясаткер ретінде танымал.
Бұл ретте Владимир Путиннің өзі қараша айында Бразилияда өтетін G20 саммитіне бармайтынын екі күн бұрын растады. Бразилия Путинді тұтқындауға ордер берген Халықаралық қылмыстық соттың мүшесі, бірақ Ресей президенті бармаудың себебі тұтқындау емес екенін айтады.