Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 21 Наурыз 2025

Британ барлауы: Ресей армиясының Украинадағы шығыны 900 000 адамға жетті

ресей сарбаздары
Фото: factor.am

Соғыс басталғалы қаза тапқан ресейлік әскери қызметкерлердің саны 200 000-250 000 деп бағаланады, бұл Ресей үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен шығын.

Британ барлау қызметінің мәліметінше, 2022 жылы Украинаға қарсы соғыс басталғаннан бері Ресей армиясы қаза тапқандар мен жараланғандарды қосқанда 900 мыңға жуық адамынан айырылған болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің баяндамасында айтылған.

Лондонның бағалауынша, қаза тапқан ресейлік әскери қызметкерлердің саны 200-250 мың, бұл Ресей үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен шығын.

Пентагонның 2024 жылдың қараша айындағы мәліметтері бойынша, Ресей армиясының жалпы шығыны 615 000 адамды құрады. Сол кезде Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі ресейліктердің жалпы шығынын 610 000 деп есептеді (200 000 өлді, 400 000 жараланды). 2024 жылдың маусымында Владимир Путин соғыстың 27 айында Ресей 135 000-ға жуық сарбазынан айырылғанын мәлімдеді.

Ақпан айының соңында ВВС Орыс қызметі Mediazona-мен бірлесіп соғыс басталғалы қаза тапқан ресейлік 95 026 солдаттар мен офицерлердің кім екенін анықтады. 24 қаңтар мен 21 ақпан аралығында бұл тізімге тағы 5007 адам қосылды. Сондай-ақ журналистер КХДР мен ЛХР қарулы құрылымдарынан 21 мыңнан 23,5 мыңға дейін сарбаздың қаза тапқанын хабарлады. 

Тегтер: