12:15, 07 Қыркүйек 2023
Бүгін Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі

Бүгін, 7 қыркүйекте Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Финляндия құрамасымен кездеседі.
Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 4 матч өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Жалпы 9 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр. Бұған дейін сырт алаңда Солтүстік Ирландияны минималды есеппен (1:0) жеңді. Ал Финляндия соңғы ойында Сан-Мариноны (6:0) тас-талқан еткен. Олардың еншісінде де 9 ұпай бар.